Шаштараз өнері
16.02.2026ж. Колледжімізже 10120101 “Шаштараз өнері” мамандығы бойыншы ПЦК апталығы аясында Өндірістік оқыту шеберлері: Омаралы Мөлдір Нұржанқызы және Төлегенова Ботакөз Барлыбайқызы «Этно шаштараз: дәстүр мен трендтің үйлесімі» тақырыбында шеберлік сабақ өтті.
Іс-шара барысында ұлттық нақыштағы заманауи этно образдар құрастырылып, дәстүр мен қазіргі сәннің үйлесімі көрсетілді. Мұғалімдер белсенді қатысып, шығармашылық жұмыстарын ұсынып, ерекше стильдегі этно образдар жасады.
🌿 Ұлттық құндылық – мәңгілік тренд!
