«CAD Vision» атты қалалық конкурс өтті
Бүгін біздің колледжде Алматы қаласының колледж студенттері арасында «CAD Vision» атты қалалық конкурс өтті.
Конкурсқа келесі оқу орындарының студенттері қатысты:
«ҚазБСҚА колледжі» ЖШС, «Алматы құрылыс және менеджмент колледжі» ЖШС, Алматы электромеханикалық колледжі, Алматы көпсалалы колледжі, Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжі, Алматы теміржол көлігі техникалық-экономикалық колледжі және Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі.
Қатысушыларға берілген сызба негізінде экскаватор механизмінің түйінін жобалау және Autodesk Inventor CAD-жүйесін пайдаланып 3D-модельдер мен конструкторлық құжаттаманың толық жинағын дайындау тапсырмасы берілді. Тапсырма аясында қатысушылар:
• бөлшектердің 3D-модельдерін жасау
• құрастыру моделін құру
• сызбаларды әзірлеу
• құжаттаманы экспорттау
• құрастыру анимациясын жасау
• фотореалистік бейне дайындау жұмыстарын орындады.
Конкурс нәтижесі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1 орын — Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің студенті Амирсана А.А.
🥈 2 орын — Алматы электромеханикалық колледжінің студенті Асанов Б.Ж.
🥉 3 орын — Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжінің студенті Тохтахунов Р.А. және «ҚазБСҚА колледжі» ЖШС студенті Погодаева Е.А.
Жеңімпаздар мен қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға белсенділігі мен жоғары дайындық деңгейі үшін алғыс айтамыз! 👏

