WORLDSKILLS ALMATY – 2023 АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

«Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде және жұмысшы мамандықтарын насихаттау және «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық қозғалысын қолдау мақсатында 2023 жылғы 06 сәуір мен 14 сәуір аралығында Алматы қаласы колледждерінің 21 алаңында «WorldSkills International» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Almaty – 2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды.
Чемпионаттың мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.
Чемпионатқа 53 құзыреттілік бойынша 380-ден астам колледж студенттері қатысады. Олардың ішінде: графикалық дизайн, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, сантехника және жылыту, кескіндеме және сәндік жұмыстар, бизнеске арналған IT-шешімдер, CNC станоктарында токарлық жұмыстар, CAD инженерлік графикасы, прототиптеу, Тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету, жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету және т.б.
Чемпионаттың бір ерекшелігі-ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау DeafSkills және Абилимпикс. Deafskills және Абилимпикс құзыреттері бойынша чемпионат шеңберінде 6 құзырет бойынша 25-тен астам адам қатысады.
Сарапшылар ретінде 500-ден астам тәжірибелі өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары мен жұмыс берушілер қатысады.
Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары ағымдағы жылдың маусым айында өтетін WorldSkills Kazakhstan — 2023 республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысады. Халықаралық чемпионат Польшада 2023 жылдың қыркүйегінде өтеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Написать сообщение

 

Ошибка: Контактная форма не найдена.

×