«Жас сарбаз»
- Қалалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық шеруі өтті
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жетісу-2 комьюнити орталығы мен Автомеханикалық колледжінің ұйымдастыруымен қалалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық байқауы өтті.
Аталған байқауға қаламыздағы 20-ға жуық колледжден 500-ден астам жас сарбаз қатысты 🫡
Қатысушылар саптық шеру және әскери ән орындау кезеңдері бойынша өзара бақ сынасты.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және әскери қызметке құрмет сезімін қалыптастыру.
Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды 🏆4 дн.
