«Жігіт сұлтаны – 2026»
Колледжімізде «Жігіт сұлтаны – 2026» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті 👑
Аталған байқаудың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ жігіттерінің бойындағы өнерді, білімді, тапқырлық пен тәрбиені насихаттау болды.
Байқауға колледжіміздің белсенді, өнерлі, талантты студенттері қатысып, бірнеше кезең бойынша өз бақтарын сынады. Қатысушылар өздерін таныстыру, өнер көрсету, ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру және шығармашылық қабілеттері арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Әр қатысушы сахнада өзін еркін ұстап, жан-жақты қырынан көріне білді. Әсіресе ұлттық нақыштағы киім үлгілері мен сахна мәдениеті көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Байқау соңында әділқазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар арнайы номинациялармен және дипломдармен марапатталды 🏆
