УЧЕБНО-ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ-РАБОТА

Колледждің әдістемелік жұмыс тақырыбы – «Білім беру үдерісіне құзыреттіліктерге негізделген модульдік бағдарламаларды енгізу арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды қалыптастыру»

Мақсаты – колледжде оқытудың тәсілдері мен ұйымдастыруды, білім беруді жетілдіру үшін оқу процесінің сапасы мен тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін жағдайлар жасап, заман талабына сай кәсіби құзіретті маман даярлау үшін педагогтардың кәсіптік білімдері мен шеберліктерін жетілдіру,олардың шығармашылық әлеуетін дамыту,педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

Міндеті – «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» даму стратегиясы және Елбасының 2015 жылға арналған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын басшылыққа ала отырып, кәсіби білім беруде мемлекеттің бәсекеге қабілетті мамандарға деген сұранысын өтеуге бағдар ұстау.

Колледждегі әдістемелік жұмыстың негізгі формалары:

  1. Оқытушылармен жеке әдістемелік жұмыс;
  2. Колледж оқытушыларының әдістемелік жұмысына жетекшілік жасау;
  3. Ұжым оқытушыларының жаңа педагогикалық тәжірибелерін тарату және жинақтау;
  4. Оқу құралдарын және әдістемелік ұсынымдарды жазуға ұсыныс беру, көмектесу,  жариялау;
  5. Тұрақты жылдық жоспарда көрсетілгендей әдістемелік семинарлар, педагогикалық оқулар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, педагогикалық шеберлік байқауларын ұйымдастыру;
  6. Әдістемелік кеңестерде тақырыптық баяндамалар оқу;
  7. Әр түрлі ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік семинарларға, конференцияларға қатысу;
  8. Үйірме жұмыстарын жүргізуге көмек көрсету;
  9. Білім үрдісінде әр түрлі мазмұндағы ғылыми-әдістемелік жұмысты жоспарлауда, өзге де іс-шаралардың ережелерін даярлағанда әдістемелік құжаттарды дайындау.

Организационно-методическая работа

Научно-методическая работа

Оқу-әдістемелік жұмысының фотогалерея

Қысқы педагогикалық оқудың есебі

Написать сообщение

 

Ошибка: Контактная форма не найдена.

×