«Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел

Колледжімізде «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тарихи-танымдық айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушыларының жетекшілігімен колледж студенттері арасында «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өткізілді.
Жиынның басты мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде студенттер бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Білім алушылар дөңгелек үстел үлгісінде өткен семинарға белсене қатысып, өз мақалалары мен зерттеу жұмыстарын ортаға салды.
   

Вам может также понравиться...

Написать сообщение

 

Ошибка: Контактная форма не найдена.

×