Қоғамдағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік

Қоғамдағы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы, полиция лейтенанты Аюпжан Ясин Қасенханұлы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, аға лейтенант Оқас Абылай Есболұлы және учаскелік инспектор, аға лейтенант Иванова Ю.С. өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Білім алушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын сақтау және қоғамдағы жауапкершілікті сезіну маңызды екені түсіндірілді.

Осындай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз орта құруға үлкен үлес қосады.

#адалазаматбіртұтастәрбие

https://www.instagram.com/p/DXgUCb3t_st/

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Написать сообщение

 

Ошибка: Контактная форма не найдена.

×