Тазалық пен еңбекке баулу!
Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің студенттері тазалық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті 💚
04.04.2026 жылы колледж студенттері өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен қоршаған ортаға деген қамқорлықтың жай сөз емес, нақты іс екенін дәлелдеді 💚
Студенттер бірлесе сенбілікке шығып, қарапайым күнді нағыз еңбек пен ұйымшылдықтың мерекесіне айналдырды. Көтеріңкі көңіл-күймен, жігер мен жауапкершілік танытқан жастар аумақты тазалап, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты.
Таза аула, ретке келтірілген аумақ және жүздердегі күлкі — атқарылған еңбектің ең үлкен нәтижесі 🌿
Осындай игі істер студенттерді біріктіріп қана қоймай, жауапкершілікке тәрбиелеп, еңбекті бағалауға үйретеді.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
Өйткені тазалық — әрқайсымыздан басталады 💚

