2024 жылдың  25-26 қарашасы аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиада есебі

25-26 қарашасы аралығында 1 курс қазақ тобы білім алушыларының арасында қазақ тілі пәнінен колледжішілік олимпиада өтті. І курс білім алушыларының ішінен пәнге деген қызығушылық пен белсенділік танытқан 16 білім алушы қатысты. І кезеңде теориялық білімдерін тексеру мақсатында қатысушыларға тест тапсырмалары берілді. Тест екі нұсқадан, Тест екі нұсқадан, 20 сұрақтан тұрды. Тест қорытындысы бойынша 5 білім алушы келесі кезеңге өтті.

Олар: П1К тобынан Нұрғазықызы Аружан, АC1K  тобынан Нұрахмет Бағдар, Қуандық Өмірбек, Э1К3 Қанатұлы Ерсанат, ГЭС1K Мұхаметәлі Шерхан.

Екінші кезең берілген тақырып бойынша 200 сөз көлемінде эссе жазу болды.

Эссе тақырыптары

  1. «Туған жер, топырағыңнан айналдым»
  2. «Менің арманымдағы-Қазақстан»
  3. «Ана тілім-айбыным»
  4. «Ана-өмір гүлі!»
  5. «Ұстаз-ұлағатты есім»
  6. «Абайдың сөзі-дананың сөзі»
  7. «Қоршаған орта және біз»
  8. «Салауатты-өмір салты»

Эссебөлімдері белгіленген талаптар тұрғысынан негізінен 10 балдық жүйеде бағаланды:

  • тақырып сәйкестігі
  • тақырып бойынша өзектілік
  • грамматикалық сауаттылық

Олимпиада нәтижесі бойынша:

І орын Нұрғазықызы Аружан

ІІ орын Қанатұлы Ерсанат

ІІІ орын Мұхаметәли Шерхан

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Написать сообщение

 

Ошибка: Контактная форма не найдена.

×