Электр қозғалтқыш және тұрақты ток генераторы” тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

09.04.24 ж күні Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде жаратылыстану-математика бірлестігінің, физика пәнінің оқытушысы Нурахан Д.Е. Э1К3 тобында “Магнит өрісінің энергиясы. Электр қозғалтқыш және тұрақты ток генераторы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

📌Сабақ мақсаты: білім алушылар механикалық энергия мен магнит өрісінің энергиясының ұқсастықтарын жіктеп, электр қозғалтқыш пен тұрақты ток генераторын ажыратып, формулалар қолданып есептер шығару болды.

🎏Сабақ басы шаттық шеңберімен басталып, көршіңе тілек әдісімен көңіл-күйлерін көтеріп, “Шам” әдісі арқылы суреттер бойынша топтарға бөлді. Топ басшылары сайланып, бағалау парақтары берілді. Үй тапсырмасын тест арқылы тексерді (ZipGrade платформасы). Жаңа тақырып презентациямен жалпылама түсіндірді. Топтық тапсырма “Карта” әдісі арқылы формулаларды түрлендірді. Жұптық жұмыс “Lays” әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Жеке тапсырма есептер шығарды. Сергіту сәтін “Құрттар жылжиды” әдісімен өткізді. Білім алушылардың барлығы белсенді қатысып, сабақта өздерін жоғары деңгейде көрсетті. Сабақ соңында топ басшылары қойылған ұпайларды есептеп, оқытушы қорытынды бағалар қойды. Рефлексия кезеңі “Білім поштасы” әдісімен, мұғалімге хат жолдады. Үй тапсырмасы берілді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Написать сообщение

 

Ошибка: Контактная форма не найдена.

×