2024 жылдың 25-26 қарашасы аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен олимпиада есебі
25-26 қарашасы аралығында 1 курс қазақ тобы білім алушыларының арасында қазақ тілі пәнінен колледжішілік олимпиада өтті. І курс білім алушыларының ішінен пәнге деген қызығушылық пен белсенділік танытқан 16 білім алушы қатысты. І кезеңде теориялық білімдерін тексеру мақсатында қатысушыларға тест тапсырмалары берілді. Тест екі нұсқадан, Тест екі нұсқадан, 20 сұрақтан тұрды. Тест қорытындысы бойынша 5 білім алушы келесі кезеңге өтті.
Олар: П1К тобынан Нұрғазықызы Аружан, АC1K тобынан Нұрахмет Бағдар, Қуандық Өмірбек, Э1К3 Қанатұлы Ерсанат, ГЭС1K Мұхаметәлі Шерхан.
Екінші кезең берілген тақырып бойынша 200 сөз көлемінде эссе жазу болды.
Эссе тақырыптары
- «Туған жер, топырағыңнан айналдым»
- «Менің арманымдағы-Қазақстан»
- «Ана тілім-айбыным»
- «Ана-өмір гүлі!»
- «Ұстаз-ұлағатты есім»
- «Абайдың сөзі-дананың сөзі»
- «Қоршаған орта және біз»
- «Салауатты-өмір салты»
Эссе— бөлімдері белгіленген талаптар тұрғысынан негізінен 10 балдық жүйеде бағаланды:
- тақырып сәйкестігі
- тақырып бойынша өзектілік
- грамматикалық сауаттылық
Олимпиада нәтижесі бойынша:
І орын Нұрғазықызы Аружан
ІІ орын Қанатұлы Ерсанат
ІІІ орын Мұхаметәли Шерхан