«Үздік оқытушы — 2024»

              2024 жылдың 10-14 маусым аралығында, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің базасында дәстүрлі түрде оқу жылының соңында, оқытушылардың жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылау барысында «Үздік оқытушы — 2024» байқауы өтті.

             Байқаудың мақсаты:

— шығармашылықпен  жұмыс жасайтын пән оқытушыларын анықтау және оларға қолдау көрсету;

— оқытушылардың мәртебесін көтеру;

— үздік педагогикалық тәжірибелерді зерттеу, насихаттау және тарату;

— оқытушылардың кәсіптік шеберлігін ынталандыру;

Байқауға іріктеліп 8 оқытушы қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды:

       1 -кезең: Оқытушылардың портфолиосы. Мәліметте оқытушының кәсіби жетістіктері (педагогикалық, шығармашылық, ғылыми т.б.) жинақталып, сайыстан 1 апта бұрын тапсырылды.

       2 -кезең:  а) үй тапсырмасы

                        б) шығармашылық жұмыс

                        в) педагогикалық шеберлік минуты атты тапсырмалардан тұрды.

 Байқау қорытындысы:

      І  орын –   Тарих пәнінің оқытушысы Омарова Н.Ж.

      ІІ орын –   Директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Тлеуғазы Е.С.

      ІІІ орын – Арнайы пәндер оқытушысы Ауелхан А.

                        Бөлім меңгерушісі, оқытушы Құрманов С. иеленді.

Жүлдері орын иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Мәңгілік еліміздің оқытушылары білікті, жастары білімді болсын!

«Үздік шебер — 2024»

              2024 жылдың 10-14 маусым аралығында, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің базасында дәстүрлі түрде оқу жылының соңында, оқу өндірістік шеберлері арасында, жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылау мақсатында  «Үздік шебер — 2024» байқауы өтті.

             Байқаудың мақсаты:

— оқу өндірістік шеберлері арасында, олардың біліктілігін, жан-жақты өз мамандығының шебері екендігін айқындау арқылы,  оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу болып табылады;

Байқауға іріктеліп 10 оқу өндірістік шебері қатысты.

Байқау екі кезеңнен тұрды:

       1 -кезең: Шеберлердің портфолиосы. Мәліметте шебердің кәсіби жетістіктері (педагогикалық, шығармашылық, ғылыми т.б.) жинақталып, сайыстан 1 апта бұрын тапсырылды.

       2 -кезең:  а) үй тапсырмасы

                        б) шығармашылық жұмыс

                        в) тәжірибе алмасу атты тапсырмалардан тұрды.

 Байқау қорытындысы:

      І  орын –   Оқу өндірістік шебері Тайғамбаев С.С.

      ІІ орын –   Оқу өндірістік шебері Қайырбеков Б.

      ІІІ орын –  Оқу өндірістік шеберлері Бораш Е.

                                                                    Қадырханов Ж. иеленді.

Жүлдері орын иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Написать сообщение

 

Ошибка: Контактная форма не найдена.

×