География пәні мұғалімі Мұқан Нұрбол Т1К тобында “Геосаясаттағы географиялық факторлар” тақырыбында ашық сабақ өткізді
02.04.2024 күні Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде қоғамдық-гуманитариялық пәндер бірлестігі, география пәні мұғалімі Мұқан Нұрбол Т1К тобында “Геосаясаттағы географиялық факторлар” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
📌Сабақ мақсаты, білім алушылар географиялық дерек көздермен жұмыс жасау барысында елдің геосаяси жағдайына әсер ететін факторларды анықтап талдау жүргізе отырып, ауызша сипаттайды. Сабақ балалардың сергіту сәтімен басталды. Сабақ барысында мұғалім білім алушыларды Қазақстанның экономикалық аудандары арқылы топқа біріктірді. Өткен тақырып бойынша миға шабуыл сұрақтар қойылып, топ белсенділік танытты.
Жаңа сабақ бойынша мұғалім жалпылама түсінік бере отырып, тақырып бойынша топтық тапсырмалар берді. Тапсырмалар балалардың бүгінгі тақырыбын түсінуіне әсер ете алды. Білім аоушылар топтар арасында класстер қоғау арқылы тақырып айналасында білгендерімен бөлісті. Сабақта түрлі әдіс тәсілдер қолданылды.
🏛️Мұғалім сабақты бекіту үшін тақырыптық сұрақтар қойа отырып, балаларды бағалап, үй жұмысын берді.