«Солнышко» балалар үйі

Қазақ халқы «жетім көрсең жебей жүр» деп тегін айтпаған. Қазақ баласын осы сөздермен тәрбиелеген. Дегенмен де, қазіргі таңда бұл сөздің құны құнсызданып барады. Ал, жетімдік мәселесі әрдайым өзекті. Қоғамда осы мәселе күрделеніп келе жатқаны баршамызға аян. Ұлтымыздың осындай асыл қасиеттерін қайта жандандыру керек. Жастардың бойына қайырымдылық сезімін ұялатып, өскелең ұрпақты рухани жағынан тәрбиелеп, тағдыр тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға қоғамның назарын аударту маңызды. Осы мақсатта, бүгін 05.06.2019 күні колледж қызметкерлері «Солнышко» балалар үйіне барып қайтты. Біздің қамқорлығымыз қанша жерден көрсетілсе де,
ата -анасының аялы алақаны мен «айналайын» деген сөзін ешбір адам баласы алмастыра алмайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Написать сообщение

 

×