Салтанатты марш

Ұлы жеңіс күніне орай  5 жыл қатарынан Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі әскери-патриоттық шеру өткізеді. Биыл да Түрксіб ауданының мектептері мен колледждерінің басын қосып, жас ұрпақтың елдік рухын көтеретін әскери шеру ұйымдастырды. Жалпы саны 19 команда қатысты. Әскери шеру
2 кезеңнен тұрды. Бірінші, сайдың серке тасындай тізіліп саппен жүріп өтті. Екінші, саптық қатарда патриоттық әндер шырқады. Барлық қатысушылар тыңғылықты дайындалған. Әділқазылар алқасының ұйғаруымен «Бас жүлдені — №78 мектеп-гимназия»,  «1 орын — Алматы мемлекеттік №1 қазақ гуманитарлық -педагогикалық колледжі», «2 орын — Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі «, «3 орын — Аяжан медициналық колледжі» алды.5 жыл қатарынан жас өрескел ұрпақтың ұлттық санасын рухани жаңғыртудың қара шаңырығы болған Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне алғысымыз шексіз. Ұлттың болашақ патриоттарын, батырларын, ірі тұлғаларын бірге тәрбиелейік!!! Бізге бейбіт өмір сыйлаған алдыңғы буынның аманатын ұрпақтан ұрпаққа жеткізейік!

   

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Написать сообщение

 

×