«Репрессия құрбандарын еске алу»

Бүгін Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің білім алушылары 31мамыр -саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Жаңалық ауылындағы саяси қуғын -сүргін құрбандарына арналған мемориалға гүл шоқтарын қойып, сол жерде орналасқан музеймен танысты. Білім алушылар музейдің «1916-1986 жылдардағы репрессия тарихы», «Репрессия құрбандарын еске алу», «Әділет тарихи-ағарту қоғамының қызметі» залдарын аралап көп мағлұматтар алды. Білім алушыларды мемориал мен музейге апарудағы басты мақсат — еліміздің тұғырын қазық қылып қадаған Алаш азаматтары мен саяси науқанның құрбаны болған асыл ерлерді еске алу және ұлықтау. Рухани жаңғырудың мақсаты да сол-санамызда өшіп қалған, ұмытылған ұлттық тілімізді, дінімізді, тарихымызды және тұлғаларымыздың есімін қайта жаңғыртып, ұлттық болмысымызды негіздеу болып табылады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Написать сообщение

 

×