ВОСПИТАТЕЛЬНАЯ РАБОТА

Алматы қаласы нағыз мәдениет пен білімнің ордасы ретінде биік деңгейде екендігін ескерер болсақ, біздің Алматы қаласы Түркісіб ауданында орналасқан колледжімізге де биыл  5 жыл болыпты. Қазіргі кезде Елбасымыздың саясатымен  жаңа талапқа сай заманауи тұрғыда көптеген білім ордалары ашылуда. Солардың жанында біздің Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі де елеулі еңбектерімен бой түзеп келеді. Нақты нәтижелі де сапалы жұмыс өзінің орынды, лайықты бағасын алады деп ойлаймын. Елбасымыздың «Рухани жыңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындағы әрбір бағыт бізідің қоғамда дәл қазіргі уақытта ауадай керек болып отырған нәрселер. Тәрбиенің өзегі де, мәні де баладан басталатындығын ескерер болсақ, біз Елбасымыздың әрбір жолдауын, бағыттарын басты нысанаға ала отырып жұмыс жасауға міндеттіміз. Педагогика саласының деңгейі қазір өте жақсы жағынан көтеріліп келеді. Педагогтарымыз өздерінің білім деңгейлерін көтеру мақсатында түрлі курстарға, конференцияларға, семинарларға қатысып отырады.Әлеуметтік желелері арқылы білім мен біліктілікті шыңдау , ақпаратармен бөлісу де жұмыстың жүйесіне айналды. Сондықтан да біз жас мамандардың жан-жақтылығын, ерекшелігін, идеясы бар озық ойлы екенін көріп жатырмыз. Уақытпен бірге педагогтардың жағдайы, тұрмысы, деңгейі толық көтеріліп,олар қоғамымыздың ең беделді тобына айналады деген сенімдеміз. Бізді абыройлы ететін колледждің білім алушылары. Білім алушыларға оқу мерзімінің аясында, олардың қоғамнан өз орындарын алатындай етіп білім мен тәрбие беру біздің парызымыз. Түлектеріміздің мемелекетімізді өркендетуге жұмсаған жеке үлестерін мемелекетімізге біздің де  қосқан үлесіміз деп есептейміз. Бала тәрбиесі бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті.Кезінде ӘЛ-Фараби бабамыз «Ғлым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек,тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды»-демеп пе еді. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата-аналар   іс жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс деп ойлаймын.  Осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Сондай-ақ колледжімізде «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралар өткізілуде. «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» атты әдеби кеш  өткізілді. Онда тіл байлығы-әрбір ұлттың мақтанышы және атадан балаға мирас  болып қалып отыратын баға жетпес мұра және «Рухани жаңғыру –заман талабы»  атты дөңгелек үстел өткізіліп, онжа өзекті ой бөлісіп, жаңа заманның тарихын қалыптастыратын қайсар да өр, білімді де білікті, жоғары мәдениетке ие, рухани жүйесі бай жастрады тәрбелеу міндеттері, азаматтық парызы екендігін жеткізіп насихатталды.  Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі басты мақсатымыз балаларымыз ел құндылықтарымен салт-дәстүрін саналарына құя беру. Бала тәрбиесі көптеген идеялармен жобаларды іске асырып күнделікті ізденісті талап етеді.

Отчет проведенных мероприятий за октябрь месяц

Отчет проведенных мероприятий за ноябрь месяц

Отчет проведенных мероприятий за декабрь месяц

Отчет проведенных мероприятий за январь и февраль месяц

Отчет проведенных мероприятий за март месяц

Отчет проведенных мероприятий за апрель месяц

 

Написать сообщение

 

×